Кремльдің Украинаға жауабы: Ресей «назар аударарлықтай әскери қимыл жасамады»

Ресей өз аумағында «ерекше әскери қимыл» жасамағанын айтып, керісінше, Украинаның өзін Донбастағы әскери операцияға дайындалып жатыр деп айыптады.

Ресейдің Украина жолдаған сауалға жауабында осылай делінген. Киев ЕҚЫҰ арқылы Ресейге шекарадағы және аннексияланған Қырымдағы әскери белсенді әрекеттері жөнінде сауал жолдаған.

Бұның алдында Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Кремльден жауап болмағанын айтып, сол себепті ЕҚЫҰ платформасында Ресеймен шұғыл кездесу ұйымдастыруын сұраған.

Ресейдің Украина сұрауына жауап бергені енді мәлім болды. Құжатта Ресейдің Украина сұрауын жауапсыз қалдыруға «толық құқығы» бары, өйткені онда Қырымға қатысты «арандатушы мәлімдеме» жасалғаны айтылған. Бұған қоса, Ресей өз аумағында назар салуға тұрарлықтай әскери әрекет жасап жатпағанын, сол себепті Вена құжаты ережесіне сай кездесу ұйымдастыруды қажет деп есептемейтінін мәлімдеген. Сонымен бірге, құжатта Луганск және Донецк облысындарында әскери әрекетке көшуге дайын 120 мыңнан астам украин сарбазы шоғырланды делінген. Кремль Украина сұрауын «ел ішіндегі жанжалды күшпен шешуге дайындалып жатқанын жасыру» мақсатында жасалды деп сипаттады.

Жексенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинамен шекарасындағы жағдайды бір сағаттан астам уақыт талқылады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий