Шахта в Кемеровской области (архивное фото)
Ресейдің Кемерово облысы Белов қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болып, соңы өртке ұласқан оқиғадан 1 адам қаза болды, 46 кенші зардап шекті. Бұл жөнінде Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилев хабарлады.
Медициналық апат орталығының аймақтағы бөлімшесінің ақпаратына қарағанда, зардап шеккендердің барлығы өртенген заттардың иісінен уланған. Екеуінің жағдайы ауыр.
Апат болан кезде шахтада 285 адам болған, 236-сы эвакуацияланған. 49 адамның қайда екені белгісіз. Олар өз бетінше жер үстіне шығуы мүмкін деді шахта әкімшілігі «Интерфакс» агенттігіне.
Жарылыс тереңдігі 250 метр жерде болған. Жарылысқа жабдықтар ақауы мен табиғи жағдай себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады.