«Кыргыз темир жолу» кәсіпорынының бұрынғы басшысы Василий Дашков 1,1 млрд сом айыппұл төлемегені үшін ұсталды

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті «Кыргыз темир жолу» мемлекеттік кәсірорынының бұрынғы бас директоры Василий Дашковты тағы да ұстады. Бұл туралы Азаттыққа комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, ұлттық кәсіпорында ақша жымқыру схемасы әшкереленген. Тергеу нұсқасы бойынша, Дашков 2020 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында тауар жеткізу ақысы деген желеумен жекеменшік компанияға 1,1 млрд сом (шамамен 13 млн доллар) аударған.

2021 жылы мамырда 1-май аудандық соты Василий Дашковты ұйқамақта ұстау туралы шешім шығарды. Ол шығынды өтеуі тиіс болған. Бірақ Дашков осы күнге дейін шығынды төлемеген.

Бұған қоса, арнайы қызмет ұлттық кәсіпорыннан ақша ұрлаудың басқа да жолдары болғанын анықтады. Бұл жолы 1,5 млрд сом қолды болды делінеді.

Соған байланысты 8 маусымда Дашковты тағы да ұстап, оны комитеттің тергеу изоляторына отырғызды. Тергеу жүріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий