Ләйлә Сұлтанқызына қонаққа келген Тәуекел Мүсілім неге көз жасына ерік берді? (видео)

Танымал актер Тәуекел Мүсілім Tengrinews.kz сайтынын «The эфир» бағдарламасында әкесі туралы айтып көзіне жас алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Өмірінде өткен оқиғалармен бөліскен Тәуекел Мүсілім бала кезінен әке қамқорлығынан айырылғанын, анасы мен әпкесінің тәрбиесін алып өскенін айтады.

Айтуынша, оның әлі күнге дейін үйленбей жүруіне әкесіз өскендігі себеп. Егер болашақ жарымен жараса алмай жатса, өзі сияқты бір баланы жетім қылып, қатыгез өмір сыйлауға қорқады.

«Үйленбейтінімнің негізгі себебі де осы – қорқыныш. Өзім әкесіз өскеннен кейін білемін оның қаншалықты қасіретті тиетінін. Сол себепті үйлену мәселесіне әбден дайын болып келгім келеді», — дейді ол.

Сондай-ақ актер өмірден өткен әкесі жайлы айта отырып, оған айта алмай қалған сырын баяндап, көз жасына ерік берді.

«Ананың мейірімін көрдік. Бірақ әкенің мейірімін көре алмағаннан кейін қиын болады. Өкінбеймін әрине, қазіргі мінезім анамның тәрбиесінен шығар. Кейде «характер» жетіспейтін кездер болады», — деген Тәуекел, кей адамдар оның жұмсақтығын пайдаланып кететінін айтады.

Тәуекел сұхбат барысында қатты ғашық болған махаббаты туралы да ашық айтты. Ол студенттік шағында өте ыстық сезімді бастан кешіріп, жастық қателікпен сүйгенімен қош айтысқан.

«Ыстық махаббат болған кезде бір адам күйініп қалады. Менде сондай сәт болды деп ойлаймын. Ыстық махаббат болғандықтан бір-бірімізді қызғана бастадық. Ол басқа қаладан мен басқа қалдан болдым. Сол өте қиын болды. (…) Қазір сол сәтті қайта әкелер болса мен сол қызға үйленер едім», — деп сырын ақтарды актер.

«Өмірінде адам бір-екі-ақ рет ғашық болады деп жатады ғой. Сол, біз өзіміздің ғашығымызды өткізіп алдық. Соның кесірінен қазір бойдақтықтың жағдайын кешіп жүрміз» , — деп түйіндеді ол.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий