Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Дмитрий Баландин. Фото: ҚазАқпарат

Амман корольдік стартегиялық зерттеулер бойынша ислам орталығы әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманын тізіп шықты. Журналға жария етілген тізімге еліміздің бірталай спортшыларының есімі кірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

The Muslim 500 журналында жария етілген тізімде ең ықпалды мұсылмандардың көшін мысырлық діни қызметкер Шейх Ахмад Мухаммад аль-Тайиб бастаған. Екінші орын Иордания королі Абдуллах II ибн аль-Хусейн мен Сауд Аравия королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Саудке бұйырған.

Түркия президенті Эрдоған сегізінші орынға жайғасқан. Тізімде, Рамзан Қадыров, Эмомали Рахмон және Усман Алимовтің де есімдері жүр.

Бір қызығы басылым 2016 жылғы Олимпиада жүлдегерлері арасындағы мұсылмандарды тізбек болған екен. Әр елдің мұсылман жүлдегерлерін біртіндеп жазып шыққан журнал Қазақстанға да жеке тоқталып өткен. Олардың ойынша, Қазақстанның Олимпиадаға қатысқан мұсылман спортшылары келесілер:

Ниджат Рахимов, Дмитрий Баландин, Данияр Елеусінов, Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Гюзель Манюрова, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Ольга Рыпакова, Александр Зайчиков, Елмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко және Дариға Шәкімова.

Журналдың ақпаратына сенсек, Қазақстанда 17753200 тұрғынның 70,2 пайызы — мұсылмандар.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий