Фото әншінің желідегі парақшасынан алынды
Әнші Әли Оқапов жеке өмірі туралы айтып беріп, ағынан жарылды деп хабарлайды gakku.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.
Әли Оқапов кімнің не ойласа да «Бәрібір» екенін айтты. Ол өзіне бәрібір екенін анық көрсету үшін «Бәрібір» атты су жаңа ән де шығарды. Әншінің айтуынша, бұл әннің кімге бағытталғанын оны тыңдағандар бірден түсінеді.
Бұл әннің құпиясы әріде жатқан көрінеді.
«Бұл әнді тыңдағандар оның не туралы екенін бірден үсінеді. Әннің мәтінінен ақ мұны аңғаруға болады», — дейді Әли.Бәрі жақында ғана аяқталды. Бірақ, маған оның қазір қайда, не істеп жүргені қызық емес. Бірақ әлі де ренжіп жүрмін», — деп өкпе-назын жеткізді әнші.
Бірақ, әнші шығармашылықта кез келген нәрсеге «бәрібір» деген көңіл-күймен қарауға болмайтынын жақсы түсінеді. Сондықтан, ол спортсүйер қауымға арнап «Жеңімпаз» атты әнін шығарды.