Нәресте. Фото: Love What Matters
Тірі қалғанына қуанған нәресте көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ порталы шетелдік сайттарға сілтеме жасап.
Мерзімінен бұрын дүниеге келген нәресте өте әлсіз болған. Өзге сәбилерден екі есе салмағы аз болған қыз баланың аман қалуы екіталай еді. Алайда өмір үшін арпалысып, ақырында анасына тәтті күлкісін сыйлаған нәрестенің фотосы желіде тез тарап кеткен.
Қыз баланың анасы Лорен Виндж Facebook парақшасында нәрестесінің фотосын жария етті. Ол фотоны кішкентайы дүниеге келгеннен кейін бес күн өткенде түсірген. Айтуынша, өлім мен өмір арасында күреске түскен қызы бүгінде оңалып, отбасына қуаныш сыйлауда.