Өлім аузында жатқан 7 жасар баланың соңғы тілегі жұрттың жүрегін елжіретті

Фото qamshy.kz

Филипп Квашнию есімді бала өмірдің қатыгездігін 7 жасқа толмай жатып сезінді. Филипп шипасы жоқ ауыр дертке шалдыққан деп жазды qamshy.kz порталы.

Анасынан айырылып жартылай жетім қалған бала Польшада дүниеге келгенімен, бүгінгі күні ем алу үшін әкесімен Ұлыбританияда тұрып жатыр.

Осыдан 6 жыл бұрын Филипптің анасы қатерлі ісіктен көз жұмды. Енді, ауыр дертке баласы шалдықты. Филипп химиотерапиядан өтіп жүр, осыған дейін бірнеше мәрте ота жасалған. Алайда, бір де біреуі оң нәтиже бере қоймады. Дәрігерлер де үмітін үзді.

Олардың ендігі қолынан келетіні баланың ауруын сәл болса да жеңілдету. Филипптің денесінде жанын қинайтын сұйықтық пайда болды. Өзінің аман қалмасын білген 7 жасар періште соңғы тілегін айтты. Бала жүрек қайтыс болған соң өзін анасының жанына жерлегенін қалайды екен.

Бұны білген Фейсбук қолданушылары баланың Польшаға ауысуы үшін бар жағдайды қарастырып жүр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий