Луина жартылай жалаңаш суреттерінің сүйіктісіне ұнайтынын айтты

Отандық әнші Луина жартылай жалаңаш суреттерін желіге салуға неліктен құмар екенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтып берді.

Өзінің мінсіз мүсінін ел алдына көрсетуге құмар әншілердің бірі Луина бұл тақырыптың баяғыда жауыр болғанын айтты. Оның айтуынша, оған мұндай суреттерге түсіп, оны желіге салу ұнайды. Сондықтан, ол ешкімнің алдында ақталғысы келмейтінін және бұл үшін ұялмайтынын айтты.

«Мен бұл тақырыптан шаршадым. Мен суға шомылатын киіммен түскен суреттерімді желіге салудан қорықпаймын. Мен біреудің айтқанымен жүргім келмейді. Маған да, менің сүйіктіме де ұнайды. Жақындарыма да ұнайды. Мен ешқашан ұяң қыз болмағанмын. Шоу-бизнеске де дәл осы қалпымда келгем. Ешқашан қымтанып жүрген емеспін», — деді ол.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий