Ұлықпан Жолдасовтың анасына арнап ән орындаған балақай жұрттың жүрегін елжіретті

Нұрмұхаммед той иесімен. Фото: Айған Жолдасованың желі парақшасынан алынды

Ұлықпан Жолдасовтың анасының 90 жасқа толуына орай ұйымдастырылған той кезінде жүрекжарды ән орындаған балақай көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Ана жүрегі» әнін орындаған кішкентай жұлдыз Нұрмұхаммед Ибрагим жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді.

Балақайдың әніне тәнті болғандар мақтауларын жаудыруда.

«Дауысың жүрегіңнен шығып тұр. Жүрегімді қақ бөлді. Көзіме еріксіз жас келді. Тіл-көзден аман бол», «Әжеңнің жасын берсін», «Өте керемет, дауысың да, әнің де өте әсерлі», — деп жазған пікір қалдырушылар.

Айта кетерлігі, аталмыш тойға «МузАРТ» тобы да келіп, әннен шашу арнаған.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий