Мәскеу облысы Солнечногорск ауданында құрылыс нысанында болған өрттен төрт адам қайтыс болды деп хабарлады Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәліметке қарағанда, тағы екі адам зардап шеккен. «Өрт жергілікті уақыт бойынша 10:27-де басталды. 15:40-ке қарай өрт толығымен сөндірілді», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Құрылыс орнында 200 шаршы метр жерді от шарпыған.
Өрт кезінде Өзбекстанның Ш. А. (1969 жылы туған), Э. У. (1998), Ш. К. (1987) және А. Р. (1998) деген азаматтары қайтыс болған.
«Жағдай бақылауға алынды. Қайтыс болғандардың денесін отанына жіберу жағы қарастырылып жатыр», – делінген хабарламада.