Мәскеу түбінде ұсталған тәжік мигранттарының бәрі босатылды

Ресейдегі Тәжікстан елшілігі Мәскеу түбігдегі Котельники елді мекенінде ұсталған тәжік мигранттарының бәрі босатылды деп мәлімдеді.

Алайда мигранттардың ұсталу себебі ресми тараптан әлі түсіндірілмеді. Тек 25 мамырда таратқан мәлімдемеде отандастардың тағдыры елшілік тараптан бақылауға алынады деп жазылған.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода ресейлік әріптесті Владимир Колокольцевті Комсомольске-на-Амуре қаласындағы соққыға жығылған тәжік студенттерінің құқығын қорғауға шақырған.

23 мамырда Котельники елді мекеніндегі полиция бөлімшесіне жүзге тарта тәжік мигранты жеткізілген. Озоди радиосының хабарлауынша, полиция тәжікстандықтар ашқан «Дидор», «Рохат», «Амина» және «33 Хауз» кафелеріне рейд жүргізген. Оның алдын 300-ге тарта тәжікстандық ұсталған.

Ресей билігі әзірге бұл оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий