Мәскеуде қырғыз азаматының өліміне күдікті ұсталды

Мәскеуде қырғыз азаматының өліміне күдікті ұсталды. Бұл жөнінде 22 қарашада Қырғызстанның СІМ хабарлады.

Кісі қолынан қаза тапқан марқұм жөнінде мәлімет берген мекеме оның 50 жастағы қырғыз азаматы екенін, Мәскеуде такси жүргізушісі болып істейтінін жеткізді.

Бұл оқиға бойынша Мәскеудің Кунцево ауданаралық тергеу бөлімінде «адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіле бастаған.

Қырғызстанның миллионнан астам азаматы бұл күнде Ресейде еңбек мигранты болып жүр.

СІМ ресми мәліметіне қарағанда, былтыр Қырғызстанға шеттен 540 «Жүк-200» келсе, биыл соңғы бес айда 292 мигранттың денесі еліне жеткізілген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий