Мәскеуде коллектордағы үш жұмысшының өліміне байланысты тергеу ісі басталды. Қайтыс болған азаматтардың екеуі Қырғызстаннан, біреуі Тәжікстаннан келген. Олардың аты-жөні әзірге жарияланбады.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Мәскеудің Краснодар көшесінде 12 адам кәріз коллекторында жұмыс істеген. Су деңгейі көтеріліп кеткендіктен, үш жұмысшы дер кезінде сыртқа шыға алмай қалған.
Коммерциялық мекемеге еңбек заңын бұзды, қауіпсіздік ережесін сақтамады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Бұл жаза бойынша айыпталушылар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.