Стоматолог Джамол Адилов в настоящее время находится в реанимации.
Мәскеуде жеке тіс клиникасында белгісіз ер адам өзбекстандық тіс дәрігеріне пышақ сұққан.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне қарағанда, 40 жастағы Жамол Адиловқа қастандық 13 желтоқсанда жасалған.
Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Оқиға болған клиника басшысы қастандық жасаған адам алты ай бұрын олардың емханасында тісін емдеткенін айтты.
– Ол адам біздің емханаға түсте келген, емделуге алдын ала жазылмаған. Жамол Адилов емдеу бөлмесінен шыққанда, ол біздің қызметкерлерге кім керек екенін түсіндіріп бере алмай жатқан. Ол Жамолды көрген кезде, «маған осы кісі керек» деп тұрып, пышағымен оған қол салған. Пышақ оның ішіне 7-8 сантиметр кіріп кеткендіктен, оны бірден ауруханаға жеткіздік. Қастандық жасаған кісінің тісін алты ай бұрын Елена деген қызметкер емдеген. Емдеу кезінде ол Жамолды шақырып, кеңес сұраған екен. Жамол емделушінің тісі шіріп кеткенін айтып, оны жұлып, орнына имплант салуды ұсынған,» — дейді емхана басшысы.
Тергеу мәлімет бойынша, күдікті мен оны әзербайжандық екен деп ойлап қалдым» деген.
Аталған тіс емханасының дәрігерлері жергілікті БАҚ «емхана сапасыз медициналық қызмет көрсетіп, науқастарды алдап келді» деген жалған мәлімет беріп жатқанына наразы.
Күдікті адам сол мезетте ұсталған.
– Қастандық жасаған 1961 жылы туған, ол бірден ұсталды. Қазір ол сұраққа алынып жатыр. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір оның өміріне қорқыныш жоқ», — деді Мәскеу қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Юлия Иванова.
Өзбекстандық тіс дәрігеріне пышақ салған адамның 60 жастағы белгілі кинопродюсер Мурат Оганесян екені белгілі болды. Ол полиция бөлімінде емхана қызметкерлері салып берген тістің сапасы ұнамағанын айтқан.
Мурат Оганесян «Парадиз» атты продюсерік орталықтың бас директоры болып шықты.
«Комсомольская правда» газеті дереккөзіне сілтеме жасап, Оганесянның компаниясы экономикалық дағдарыстан екі жыл бұрын бонкрот болғанын жазды.