Мәскеуде екі қырғыз мигранты жөндеу жұмыстары кезінде қайтыс болды

Иллюстративное фото

Мәскеу қаласында Қырғызстанның екі жұмысшысы жөндеу жұмыстары кезінде қайтыс болды.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің қырғыз елшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қайғылы оқиға 7 тамызда Ресей астанасындағы Люблино ауданында болған. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Мәскеу қаласы бойынша шұғыл штабының мәліметінше, нөсер жауын салдарынан канализация коллекторы суға толып, оны жөндеп жатқан үш жұмысшы суға ағып кетті. Олардың екеуі қырғыз азаматы.

Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің заңгері оқиға орнына барады. Елшілік марқұмдардың туыстарын іздестіреді.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстаның 1 млн 118 мың азаматы шетелде жұмыс істейді, соның миллионға жуығы Ресейде жүр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий