Мәскеуде Ресейдің сыртқы барлау басқармасының штаб-пәтеріне (ГРУ) шабуыл жасамақ болған әрекеті үшін Тәжікстанның бес азаматы 9 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
Оларға терактіге жасамақ болды, террорлық топ құрды және заңсыз қару-жарақ сатты деген айыптар тағылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, сотталушылар мессенджер арқылы «Ислам мемлекеті» террорлық тобының «тәжік қанатының» басшысы Тожиддин Назаровтан (Абу Усама Нораки) теракт дайындау бойынша тапсырмалар алып тұрған.
«Коммерсант» басылымы Ресейдің күш құрылымындағы дереккөздеріне сүйеніп, Назаров 2018 жылы тәжікстандық мигранттарға ГРУ-дың Хорошевский даңғылындағы ғимаратына шабуыл жасау жөнінде тапсырма бергенін, бірақ бұл жоспар іске аспай қалғандықтан, қала шетінде қоғамдық көліктердің бірін жару туралы бұйырғанын жазады.
«Интерфакс» ақпарат агенттігі айыпталушылар кінәсін мойнына алмағанын хабарлады. Сотта олардың бірі бұл іс ойдан шығарылған және жала жабылған деп айқайлаған.
Бұл іс бойынша сот отырысы жабық өтіп, іс материалдары ашық жарияланбады.