Мәскеуде сабалған тәжік студентіне іс қозғалды

Мәскеуде полицейлер тарабынан сабалып, қолы сынған тәжікстандық студентке «полиция қызметкеріне бас имеді» деген айыппен іс қозғалды.

Мәскеу архитектуралық институттың бірінші курс студенті Эмомхусейн Болтаев қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оны операцияға дайындап жатыр.

Эмомхусейн 24 сәуірде Озоди радиосына берген сұқбатында, өткен аптада оған тергеушілер келіп, полицейлерге бас имедің деген баппен іс қозғағанын хабарлаған. Студентке аурухана аймағынан рұқсатсыз шығуға тыйым салынған.

«Өте ауыр жағдайдамын: ауруханадан шығуға тыйым салынды және адвокат жалдауға ақшам жоқ», — деді студент.

Оқиға 15 сәуірде «Теплый стан» ауданындағы студенттер жатақханасында болған. Эмомхусейн Болтаевтың сөзінше, телефонмен қатты сөйлескені үшін жатақхана үйлестірушісі оған қатты ұрсып, балағат сөз айтқан. Артынша полиция қызметкерлерін шақырған. Екі полиция қызметкері оның қолын қайырып, сабаған.

Эмомхусейн ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген.

Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі оқиғадан хабардар екенін, студентке заңдық тұрғыдан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий