Мәскеуде «Сахарово» орталығында мигранттарды Украинаға соғысқа тартып жатыр (видео)

Мәскеудің «Сахарово» миграция орталығында мигранттарды Украинаға соғысқа тартудың жаңа әдісі пайда болды.

Озоди радиосына патент алуға барған тәжік мигранттары ондағы болған жағдайды хабарлаған.

Әрбір мигранттарды патент берудің алдында жеке кабинетке шақырып сөйлескен. Онда Украинаға соғысқа баруға үгіт жүргізген. Әрқайсына әртүрлі ұсыныс жасалған.

Таяуда ғана дума депутаты Михаил Матвеев орыс азаматтығын алған орталық азиялық мигранттарды соғысқа жіберу керек деп мәлімдеген.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы үш айда 45 мың Тәжікстан азаматына Ресей төлқұжаты берілген.

Мигранттар құқығын қорғаушы Каримджон Ёров Ресей жақында азаматтарды тағы әскерге тартпақшы дейді.

«Соғыста жағдай өзгеріп жатыр. Қазір орыстар өте көп әскерін жоғалтты. Олар шабуылдап жатқан жоқ. Сондықтан олар мигранттарды соғысқа тартуды ойлап жатыр. Бұрын 400 мың рубльге дейін ақша ұсынса, қазір 180-200 мың рубль ұсынып жатыр екен. Бұл орыс армиясының жағдайы нашарлап кеткенін білдіреді», — дейді ол.

Таяуда АҚШ-тың барлау қызметі Украинадағы соғыста Ресейдің 100 мың сарбазы қаза тапқанын хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий