Мүгедек балалар Алматыға тарту жасады

Жеткіншектер Алматыға байланысты 4 тақырыпқа сурет салып, түрлі техникалар мен материалдар арқылы мүсін, бұйымдар жасады.

 

 

Мыңжылдыққа «1000 игі іс». Алматы тақырыбына арналған ерекше көрме өтті. Шараға мүмкіндігі шектеулі дарынды балалардың алып қалаға арналған туындылары қойылған. Бұл туралы Алматы телеарнасы жазады.

Жеткіншектер Алматыға байланысты 4 тақырыпқа сурет салып, түрлі техникалар мен материалдар арқылы мүсін, бұйымдар жасады. Аталған іс-шара балаларды қолдау мақсатында жыл сайын өтіп келеді. 2009 жылдан бері бастау алған игі іс кембағал жандардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, өнермен, мәдениетпен танысуға мүмкіндік алады.

«Біз осындай жарыстарды балалардың басқалардан кем емес екендігін көрсету мақсатында жасаймыз. Жыл сайын әрбір қатысушының қолөнері арта түседі. Бұл басқа да оқу орны мен балалар үйлерінің қызығушылықтарын туғызуда. Балалар суреттері мен сәндік бұйымдарын-пастель, тушь, акварель, гуашь, керамика, ағашқа ою салу, батик, декупаж, аппликация сынды түрлі техникаларды қолдану арқылы жасайды»,- деді Марат Оспанов атындағы қоғамдық қордың президенті Бақыт Оспанова.

Көрмеге мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған 11 оқу орны, 10 мектеп интернаты мен 3 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Жас дарындардың 300-ге жуық жұмысы қаралды. Үздік деп танылған жұмыстарға арнайы диплом мен сыйлық берілді. Көрме Орталық музейде 31 наурызға дейін жалғасады.

Фото:yk-news.kz

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий