Мәншүк Мәметова алаңында жазылған былғанышты сөздер оралдықтардың шамына тиді (фото)

Фото: mgorod.kz

Мәншүк Мәметова алаңында жазылған былғанышты сөздер оралдықтардың ашуына тиді. Аталмыш жазу Мәншүк Мәметова ескерткішіні тұрған аллеяның артқы жағындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы терезелерге жазылған деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

«Пидофил *ука сдохни» сынды былапыт сөздердің Мәншүк Мәметова ескерткішінің маңында үлкен әріптермен жазылғанын көрген тұрғын «МГ» басылымына барып, жазудың талайдан бері тұрғанын айтып шағымын жеткізеді.

«Бұл жерде балалар серуенге шығады. Үлкен әріптермен жазылған жазулар айқайлап тұр. Жергілікті учаскелік полицейлер де ешқандай шара қолданар емес. Бірінші қабаттың әйнектеріне бадырайтып тұрып жазылған былғанышты сөздер Достық көшесі, 244 мекенжайы бойынан көресіздер», — деді оралдық Игорь.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий