Мәскеуде 16 адам тірідей өртеніп кетті

Фото: nr.news-republic.com

Мәскеудің солтүстік-шығысындағы типографияда болған өрт 16 адамның өмірін жалмады. Бұл туралы nr.news-republic.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Сенбі күні таңғы уақытта Алтуфьевское шоссе, 5 мекенжайы бойынша төртқабатты ғимарат өртенді. Ондағы қойма өртке оранып, 200 шаршы метр жерді шарпыған.

«Өрт сөндіру барысында ғимараттың ішіндегі оқшау бөлме ішінен 16 адамның мәйіті табылды», — дейді ТАСС-қа жергілікті ТЖМ баспасөз қызметі.

Қаза болғандардың бәрі — ТМД елдерінің азаматтары.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, олардың дені қоймада жұмыс істеп, тұрып жатқан гастарбайтерлер», — дейді дереккөз.

Тағы төртеуі жарақатпен емханаға түскен. Ал 12 адам дер кезінде құтқарылған. Қылмыстық тергеу жүргізілуде. Өртке қатысты Мәскеудің мэрі Сергей Собянин желіде жазба қалдырған.

«Алтуфьевский шоссе мекенжайы бойынша ғимаратта өрт болды. Өкінішке қарай құрбан болғандар саны көп. Бұл жайтты тергейміз», — деп жазған ол Twitter парақшасында.

Мэрдің айтуынша, құтқарылғандардың бірі емханада көз жұмған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий