Мәскеулік тұрғын көзіне шөп салған әйелін көңілдесімен ұстап алды (фото)

Инна Б. Фото: life.ru

Мәскеуде әйелін өзге еркекпен ұстап алған қала тұрғыны сүйіктісіне кешірім берді.

Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

31 жастағы Инна Б. есімді келіншек бір жыл бойы күйеуінің көзіне шөп салып, оның жақын досымен жақын қарым-қатынаста болған. Олардың жасырын махаббаты жақында әшкере болды.

Көңілдестер келіншектің күйеуі көрші бөлмеде ұйықтап жатқанын пайдаланып, жуынатын бөлмеде жыныстық қатынасқа түскен. Алайда ұйқысынан оянып кеткен отағасы ойда жоқта досы мен келіншегінің құпия махаббатын біліп қойды.

Инна Б. Фото: life.ru

Күйеуінің алдында масқара болған Инна бар кінәні оның досына жаба салған. Бірақ тексеру барысында олардың бір жылдан бері жасырын кездесіп жүргені анықталды.

Бір қызығы, мәскеулік тұрғын келіншегінің опасыздығына кешіріммен қарады. Ал келіншек болса көңілдесін қатты жазаламауды сұраған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий