Мұсылманша неке қидырған гей жігіттердің тойы жаға ұстатты (фото)

Бангладеште Джаед пен Шон есімді екі ер азамат мұсылманша некелерін қидырып, тойларын өткізді деп жазады Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Маған айналамдағы адамдардың қандай көзқараспен қарағаны маңызды емес. Менің отбасым мені әлі күнге науқас деп ойлайды. Күндердің күні емделеді деп жүр. Өзім сияқтыларға айтарым – бәрі де орнында, бәрі жақсы болады. Біз гей болсақ та мұсылманбыз» – дейді Джаед.

Мұсылманша неке қидырған гей жігіттердің тойы жаға ұстатты (фото)

24 жастағы Джаэд Бангладештегі қарапайым мұсылман отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан ол өзінің басқа балалардан артықшылығын аңғаран.

Мәселен, өзі қатарлы балалар сияқты футбол ойнағанды емес, керісінше, сән әлемін тамашалағанды жақсы көріпті

Мектепте достарының мазағынан шаршайтын ол үйге келсе, әкесінен де сөз еститін көрінеді.

Себебі, әкесі ұлының қылықтарынан қорқып, оны оқитын мектебінен ауыстырып, тіпті, қызға үйлендірмек болған. Бірақ ол әрекеттерінен түк шықпаған көрінеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий