Махаббат бойға қарамайды: Ергежейлі жігіт пен бойжеткеннің тойы дүркіреп өтті

Жас жұбайлар. Фото: deadbees.net

109 сантиметрлік Джеймс есімді азамат сұңғақ бойлы қызбен некесін қиіп, дүркіретіп тойын өткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жайт махаббаттың жасқа ғана емес, бойға да қарамайтынының дәлелі болғандай. Ергежейлі жігіт қалыңдығын сүйе алу үшін тойға орындығын сүйрей келді.

28 жастағы Джеймс 22 жастағы сүйіктісі Хлоя Робертске үш жыл кездесіп жүргенінен кейін ұсыныс жасаған.

Ұлыбританияның Солтүстік Уэльсінде өткен тойға қалыңдықтың туыстары бастапқыда қарсы болғанымен, кейін өз баталарын берді.

«Тіпті бойда екі еселік айырмашылық болса да, махаббат болса, ол мәнін жоғалтады. Мен баламыздың да ергежейлі болып тууы мүмкін екенін ойлағым келмейді. Балаларымыздың болғанын қалаймын», — дейд Хлоя.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий