Мамырда Алматы мен Ташкент арасында пойыз қатынайды

2 мамырдан бастап «Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2» бағытында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы қатынайды, деп хабарлады «Узбекистон темир йуллари» компаниясының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының №½ рейстері аптасына үш рет орындалады. Пойыз «Алматы-2» вокзалынан Өзбекстанға дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, ал «Орталық Ташкент» вокзалынан Қазақстанға сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады.

Бұның алдында «Нүкіс — Бейнеу — Нүкіс» бағытындағы жолаушы пойызы сәуірден баста қатынай бастайтыны хабарланған.

«Узбекистон темир йуллари» уақыт өте келе жақын шетелге басқа да рейстер жүре бастайтынын атап өтті.

Еске салайық, Өзбекстан шетелмен темір жол қатынасын 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты тоқтатқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий