Ресей басып алған Украинаның Мариуполь қаласындағы үйінділер арасынан 42 жастағы тәжік азаматы Шамсиддин Жалиловтың денесі табылды.
Туыстарының айтуынша, Жалилов Мариупольда орыс әскерлері кіргеннен кейін жоғалып кеткен.
«Шамсиддиннің аты-жөні құжаттары бойынша анықталған. Оны тану мүмкін емес болып қалған», — дейді бауыры Хомид Жалилов.
Шамсиддиннің қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Мариуполь қаласы бірнеше ай бойы орыс әскерінің қоршауында қалып, мамыр айының ортасында оккупацияланған.