Mars компаниясы 55 елден өз өнімдерін кері қайтарып жатыр

Америкалық шоколадты тоқаш өндіруші Mars Inc. компаниясы 55 елден өз өнімдерін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұған 8 қаңтар күні Германияда сатып алынған Snickers шоколадты тоқашының (аталған компанияның өнімі) ішінен табылған қызыл пластик сынығы себеп болған.

Компанияның мәліметінше, осы оқиғадан соң бұл шоколад Голландияның Фехел қаласында шығарылғаны анықталған. Алдын ала болжам бойынша, шоколадқа оны жасау кезінде қолданылатын қондырғылардың бірінің пластик бөлшегі түсіп кеткен.

Компания өнімдерді кері қайтарудан келетін шығын мөлшерін жарияламады.

Бұған дейін компанияның Mars, Snickers, Milky Way Minis және Milky Way Miniatures атаулы өнімдері ғана емес, сондай-ақ 2016 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қаңтарына дейін жарамды Celebrations кәмпиттері де кері қайтарылатыны хабарланған.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий