Фото: fishki.net
Мексикада «Өлілер күні» деген күнді үлкен салтанатпен атап өтеді екен деп хабарлайды 31 арна.
Қарашаның 1-і мен 2-сі күндері халық о дүниелік болғандарды еске алып, көпшілік зиратқа адам басының қаңқасы пішінінде пісірілген тәттілер мен Мексиканың дәстүрлі ішімдігі текиланы апарады екен.
Фото: fishki.net
Биыл тіпті ел астанасы Мехикода өлілер кейпін сомдаған адамдардың шеруі де ұйымдастырылды.
Фото: fishki.net
Мексика мәдениетінде өлімді кез-келген адам бастан кешіретін қалыпты жағдай деп жеңіл қарайды. Сондықтан, жүздеген адам беттеріне сурет салып, өлілердің кейіпін көрсетіп қала көшелеріне шеруге шықты. Мұндай шара Мехикода тұңғыш рет ұйымдастырылғанымен жергілікті тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапқан.
Фото: fishki.net
Шеруді тамашалауға тіпті шет елдерден туристер де арнайы келген. Өлілер күнін атап өту дәстүрі колумбияға дейінгі кезеңге жатады. Ол кездегі тайпалар наным-сенімі бойынша қайтыс болған адамдардың рухы бұл өмірге кез-келген уақытта еркін келіп-кете алады екен.