Мексикалықтар «Өлілер күнін» дүркіретіп атап өтті (фото)

Фото: fishki.net

Мексикада «Өлілер күні» деген күнді үлкен салтанатпен атап өтеді екен деп хабарлайды 31 арна.

Қарашаның 1-і мен 2-сі күндері халық о дүниелік болғандарды еске алып, көпшілік зиратқа адам басының қаңқасы пішінінде пісірілген тәттілер мен Мексиканың дәстүрлі ішімдігі текиланы апарады екен.

Фото: fishki.net

Биыл тіпті ел астанасы Мехикода өлілер кейпін сомдаған адамдардың шеруі де ұйымдастырылды.

Фото: fishki.net

Мексика мәдениетінде өлімді кез-келген адам бастан кешіретін қалыпты жағдай деп жеңіл қарайды. Сондықтан, жүздеген адам беттеріне сурет салып, өлілердің кейіпін көрсетіп қала көшелеріне шеруге шықты. Мұндай шара Мехикода тұңғыш рет ұйымдастырылғанымен жергілікті тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапқан.

Фото: fishki.net

Шеруді тамашалауға тіпті шет елдерден туристер де арнайы келген. Өлілер күнін атап өту дәстүрі колумбияға дейінгі кезеңге жатады. Ол кездегі тайпалар наным-сенімі бойынша қайтыс болған адамдардың рухы бұл өмірге кез-келген уақытта еркін келіп-кете алады екен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий