Амиль Нуруллин ТР Президентімен апта сайын республикадағы министрлер мен ведомство басшыларының қатысуымен өтетін аппараттық жиналысқа қатысты.
Қазан қаласында тұратын мектеп оқушысы Амиль Нуруллин Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың көмекшісі ретінде бір күнін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информға сілтеме жасап.
№ 19 Қазан гимназиясының оныншы сынып оқушысы Татарстан Президентіне қалалық орта мен татар тілін дамыту бойынша ұсыныстарын жазған хатты жолдаған. Республика көшбасшысы мектеп оқушысының хатына жауап ретінде оны Президенттің көмекшісі ретінде бір жұмыс күнін өткізуге шақырды.
Амиль Нуруллин бүгін ТР Президентімен апта сайын республикадағы министрлер мен ведомство басшыларының қатысуымен өтетін аппараттық жиналысқа қатысты. Минниханов қол астындағыларға оқушының бір күн бойы оның көмекшісі болатынын айтып, таныстырды.
Үкімет үйіндегі жиналыстан кейін ТР Президенті Рустам Минниханов Амиль Нуруллинмен бірге Нижнекамскіге ұшып барып, «ТАНЕКО» мұнай өңдеу кешенінің құрылысын көрді.
Бұдан кейін Президент пен оның жас көмекшісі Альметьевск қаласындағы №3 аурухананың ашылуына қатыспақшы. Түстен кейін Татарстан Президенті түрлі БАҚ журналистерімен кездесу өткізеді. Амиль Нуруллин де бұл шараға қатысады.