Желіде мешітте телефон ұрлаған адамның видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Видеодан жігіттің мешітке кіріп, кейін ілініп тұрған киімдердің қалтасын тексере бастағаны байқалады.
Instagram қолданушылары мешітте ұялы телефон ұрлаған қазақ жігітінің видеосын көріп, оның мұсылман екеніне күмән келтіріп жатыр.
«Шын мұсылман Алла үйінде мұндай сорақы әрекеттерге бармайды, бұл жігіт нағыз ұры, Құдай жазасын берсін» деген сынды пікірлер көптеп жазылуда.
Бір қызығы, видеоға қатысты пікір айтқандар арасында «мұндай әрекеттер күнде боп жатыр ғой, қарапайым аяқ киімнің өзін мешітте ұрлап кетеді» дегендер де бар.