Грузия прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиға шекараны заңсыз кесіп өттіп деген айып тақты.
Мекеме мәліметінше, Саакашвили Украинаның Черноморска жерінен Грузияның Поти қаласына бет алған «Вильнюс» кемесінде болған. 29 қыркүйекке қараған түні кеме Поти портына тоқтап, ішінен сүт өнімдері толтырылған жүк көлігін шығарған. Соның ішінде Саакашвили де болған. Прокуратура Саакашвилидің ұялы телефонынан кемеде болған видео, фото суреттер алғанын жариялады.
«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Саакашвилиді шекарадан өткізуге көмектескен үш адам ұсталған. Олардың бірі — сол сүт өнімдерін тасыған көлік жүргізушісі Элгудже Цомае. Қалған екеуі Поти портының қызметкерлері болған. Сәрсенбі күні тағы бір адамның ұсталғаны хабарланды. Ол да көлік жүргізушісі болған.
1 қазанда Михаил Саакашвили Грузияға оралды. Ол қазір Рустави қаласындағы түрмеде отыр.