Михаил Саакашвили тағы аштық жариялады

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили құқықтарым бұзылып жатыр деп тағы аштық жариялады. Оған бес бірдей қылмыстық іс қозғалған. Қазір сот процесі Тбилиси қаласында өтіп жатыр. Бұл істер бойынша ол 11 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ол өзіне дәрігерлер жіберілмей жатқанын айтып, наразылық білдірген.

«Мен бүгіннен бастап мерзімсіз аштық жариялаймын. Бұл режимнің маған және халыққа деген салғырт қарауына деген қарсылығым. Менің талабым – дұрыс медициналық көмек көрсету», – деді ол сот процесі кезінде.

Саакашвили миллиардер Бидзина Иванишвили басшылық ететін «Грузин арманы» партиясы өзін «Путиннің пайдасына» мүгедек етуге, тіптен өлтіруге тырысып жатыр деді.

Ол Украинаға қатысты 2008 жылы Оңтүстік Осетиядағы соғыс кезіндегі менің айтқан болжамдарым қазір дәл келіп жатыр деді. Оның сөзінше, сол кезде Грузия «Ресейдің арандатуы мен ресейшіл сепаратистерге қарсы қорғанды».

Михаил Саакашвили украин тілінде Украина халқына қолдау білдірді.

Саакашвили осыған дейін былтыр қазан айында да аштық жариялаған. Бірақ қараша айының ортасында денсаулығы күрт нашарлап, аштықты тоқтатты. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешімімен грузин билігі оны әскери госпитальға ауыстырған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий