Миллиардер әке қызын тұрмысқа шығуға көндірген жігітке $180 млн бермекші

Сесил Чао мен қызы Джиджи. Фотоколлаж: qamshy.kz

«Cheuk Nang Holdings Ltd» иесі, миллиардер Сесил Чао қызын тұрмысқа шығуға көндірген кез-келген жігітке қомақты қаржы беруге дайын екенін айтты деп хабарлайды Dailystory.

Әкесі қызының отбасын құрып, балалы болғанын қалайды. Сол үшін қыздың жүрегін жаулай алған жігітке бастапқы кезде 40 млн. АҚШ долларын ұсынды. Алайда 20 мың сәтсіз ұсыныстан кейін ол сомманы 180 миллионға дейін көтерді. Сесил қызын дұрыс жолға түсіретін жігіт табылатынына сенімді.

«Мен қызымның жеке өміріне араласқым келмейді. Бірақ, оның берік отбасын құрып, ана бақытын сезінгенін қалаймын. Сонымен қатар, менің ісімді жалғастырса екен деген әкелік тілегім бар», — дейді гонконгтық миллиардер журналистерге берген сұхбатында.

Ал, оның қызы Джиджи өзіне ақша үшін үйленгісі келетін жігіттерге тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтқан.

Qamshy

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий