Министрлік металлоломдағы каскалар туралы видеоға түсініктеме берді

Қазақстан қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде металлоломға өткізілген әскери каскалар туралы видеоға түсініктеме берді. Видео желіде қызу талқыланды.

«Әлеуметтік желіде әскери каскаларды металлоломға өткізгені жайлы видео тарап жатыр. Бұл каскалар қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомство тексеріс жүргізді, Қазақстан қарулы күштерінің әскери бөлімінде әскери мүліктерді жымқыру және жоғалту фактілері болмаған» деп жазылғанминистрлік хабарламасында.

Бір күн бұрын Тiktok желісінде жарияланған металлоломға тасталған әскери каскалар туралы видео қызу талқыланған еді. Видеода металлолом жәшіктерінің бірінде көп каска жатқаны көрінеді. Видео сипаттамасында Шымкенттегі металл қалдықтарын өткізетін орындардың бірі деп жазылған. Видео авторы қорғаныс министрлігіне үндеу жасаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий