Мирзияев бір күнде 30-дан астам шенеунікті қызметінен алды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 19 сәуірде ауылдық өңірлерді дамыту саласына арналған онлайн жиын кезінде бірден 36 шенеунікті қызметінен алған.

Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың хабарлауынша, 1 аудан басшысы, 1 мемлекет басшысы, 12 аудан басшысының орынбасары, 2 қала әкімінің орынбасары, 2 аудан прокуроры және 2 қала прокуроры, 2 аудандық ішкі істер басқармасының басшысы және 15 салық саласының басшысы қызметінен алынған.

Бұдан бөлек президент Ташкент қаласының әкімі Жахангир Артикходжаевқа, Ферғана және Хорезм облысының басшыларына қатаң сөгіс жариялаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий