Мирзияев ЕАЭО-ға мүше елдерге әуе қатынасын жүйелі түрде қалпына келтіруді ұсынды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерге әуе және темір жол қатынасын жүйелі түрде қалпына келтіруді ұсынды.

«Елімізде халыққа вакцина салынып жатқанын, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын есепке ала отырып, әуе және темір жол қатынасын жүйелі түрде қалпына келтіретін уақыт келді деп санаймыз», — деді өзбек президенті өткен жұма күні онлайн түрде өткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары жиынында.

Ол сонымен бірге Өзбекстан ЕАЭО-мен сауда кедергілерін алып тастауға дайын екенін жеткізді.

«Біз Еуразиялық экономикалық комиссиямен және одаққа мүше мемлекеттермен сауда байланысындағы кедергілерді алып тастауға дайынбыз», — деді Шавкат Мирзияев.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий