Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 27 шілдедегі жиналыста шыжыған ыстықта мақта баптаудың 30 күндігін жариялады.
Президенттің мәлімдеуінше, кейінгі жылдарда климаттың өзгеруі мақта саласына жаңа міндеттер қойып отыр. Мирзияев Өзбекстанда ауа температурасы он күннен бері 43 градустан түспей тұрғанын айтып, облыс басшыларына мақта баптаудың отыз күндігін өткізуді тапсырды.
Мемлекет басшысының айтуынша, шыжыған ыстық — мақташылар үшін төтенше жағдай. Сол себепті жиналыста өнімді қалай болса да сақтап қалу қажеттігі туралы шешім қабылданды.
— Бұл мәселені шешуде ғылымға жүгіну керек, — дейді Мирзияев.
Жиналыста Мақта шаруашылығы жөніндегі кеңес төрағасы атқарылған шаруалар туралы есеп берді. Кеңес төрағасы мақта өнімі аз екенін, зиянкестер мен ауру көбейгенін айтқан.