Екінші рет президент сайлауына түсіп жатқан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 19 қазанда Ташкенттің Алмазар ауданындағы студенттер қалашығында сайлаушылармен кездесіп, бас қаладағы қиын күндерін айтып берді.
Мамлекет басшысының сөзінше, ол Жызақ облысында туылғанына қарамастан, 18 жасынан бері Ташкентте тұрып, оқып, тәрбие алған.
«Пәтерде тұрып, қиын күндерді бастан өткердім. Сондықтан пәтер мәселесіне өте салмақты қараймын. Мен тіркеусіз (пропискасыз) 18 жыл тұрғам. Бұл мәселені шешуге болады екен!», — деді Мирзияев.
Өткен аптада Өзбекстан парламентінде «тұратын жерінде тіркелу» деген түсінік «моральдық жағынан ескіргені» айтылған заң жобасы талқыланған.
Былтыр Шавкат Мирзияев Ташкент қаласы және облысында тіркелу жүйесін ретке келтіру жөнінде бұйрыққа қол қойған. Құжатта астанада тіркелу үшін қойылған бірқатар талаптар алынып тасталған.
Президент сайлаушылармен кездесу кезінде репрессия мәселесіне де тоқталды.
«Егер біздің 100 000 ғалымымыз репрессияға ұшырамағанда, бүгін біз Төртінші ренессанс туралы әңгіме айтып жатар едік. Себебі олар ұлы өзбек халқының өте мықты екенін білген… Біз тарихымызды қайта қалпына келтіру үшін біраз жұмыс істедік. Бірақ бұл тек алғашқы қадамдар», — деді Мирзияев.
Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтеді.