Мишустин Өзбекстанда салынатын АЭС құрылысын тездетуге үндеді

Ресей Өзбекстанмен атом энергетика саласындағы байланысын нығайту маңызды деп санайды. 2 желтоқсанда Самарқанда Өзбекстан мен Ресей үкімет басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссия отырысында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей дайындаған дизайн бойынша атом электр станциясын бірлесіп салу ірі жобаға айналады. Ол үшін «өзара қабылдаған келісімдердің орындалуын тездету қажет», деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі.

Еске салайық, Ташкент пен Мәскеу АЭС құрылысы жөніндегі үкіметаралық келісімге 2018 жылғы қыркүйекте қол қойған. Жоба ВВЭР-1200 түріне жататын реакторы бар екі қуат блогын салуды қарастырады. Станция Өзбекстан бюджетінің қаражаты мен Ресейдің мемлекеттік несиесіне салынады деп хабарланған.

Өзбекстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, АЭС блоктары 2030 жылға қарай электр қуаты қажеттілігін 15-18 пайызға өтейді. Ірі нысан Жизақ облысы Тұзкан өзені маңында салыда деп жоспарланған.

АЭС құрылысы жобасы қоғам белсенділерінің қарсылығына тап болды. Олар үкіметтің атом электр станциясын салу үшін Ресейді әріптес ретінде таңдауын да сынады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий