Мойнына оқ тиген жүргізуші қансыраған күйі эфирге шықты (видео)

АҚШ-та мойнына оқ тиіп жараланған жүргізуші қансыраған күйі тікелей эфирге шықты деп хабарлайды ife.ru-ға сілтеме жасаған Baq.kz.

Youtube-те жарияланған видеода оқ тиіп жараланған жігіт көлік жүргізіп келе жатыр. Бұған қоса бейнежазбадан көліктің артқы жағында жылап отырған әйелдің дауысы да естіледі.

Мойнына оқ тигеніне қарамастан, жүргізуші жігіт жолда эфирге шығып, өзін жаралағандарға сес көрсетті.

«Сендер енді өліксіңдер» деді ашуға булыққан жігіт.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, оны әлдебір бақталастары жаралаған. Зардап шеккен жүргізуші өзінің «тоқылдақ» емес екенін, сондықтан бұл оқиға жайында полицияға тіс жармайтынын мәлімдеді.

Жаралының одан кейінгі жағдайы туралы ақпарат әзірге жоқ.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз!

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий