Музыкант «ібілістен» қалай нағыз мұсылманға айналғанын айтты (видео)

Фото: qamshy.kz

«Фейсбук» желісінде 30 жыл бұрын ислам дінін қабылдаған ирландиялық Абдул-Малике Джамаале Ханифе өзі түсірген видео арқылы күллі Англияға танымал болды деп жазады Қамшы порталы.

1986 жылға дейін бұл азаматтың өмірі қара түнек еді. Бүгінгі күні өзі қабылдаған ислам дінінің шариғаттары жігіттің өмір салты үшін мүлдем қарама-қайшы құбылыс болған. Жас кезінде Абдул-Малик панк-рокпен айналысқан екен. Билікке қарсы талай бүлік шығарған, рок-музыкадан басқасымен әуестенбеген.

Алайда, бұл жол британдық азаматқа береке әкелмеді, өмірі бұрынғыдан бұлыңғырлана түседі. Мағынасыз өмірден әбден қажыған жас жігіт өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертуді көздейді, философтармен танысады, діни кітаптарды оқуға көшеді. Ислам жайындағы әдеби кітаптарды оқыған сайын, көзі ашылады, ойы тазарады, ниеті өзгереді.

Жалпы, өмірін Алла салған жолмен қайта бастайды. Абдул-Маликтің өзі айтпақшы, бұрын ол өзін «Ібіліс» болғанмын деп санаған, бірақ сенімі өзгеріп, нағыз мұсылманға айналды.

Бұрынғы өмірінің қандай болғанын көрсететін қолындағы татуы, құлағындағы сырға орындарынан қалған тесіктер сақталғанымен, бүгінгі күні сақал өсіріп, мұсылманға тән киім үлгісімен жүреді.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий