Мықты денсаулық туралы халық даналығы

•Жаман ұйықтасаң, басың ауырса-қырыққабаттың (орамжапырақ) екі бөлігін же.

•Мұрныңмен дем ала алмасаң, қолқаң қабынса ( бронхит) сарымсақтың өзегін,немесе өзінен жіңішке түтік жасап, оны мұрынның ішіне сал.
• Ер адам қартайған сайын, оған пияз пайдалырақ!
• Мұрның бітеліп, жөтел қысып, басың ауырса-пиязбен балды аса.

Суық тиюдің алдын алуға, сарымсақтан тұнба дайында.

•Тамақ жыбырлап және баспа болғанда, зире мен сарымсақты таңда.
•Аяғың тоңғанда, есіктен кіре қыздырылған құмға ора.
• Аяғың құрысып, тартылса, киіз байпаққа ора (байпақтың ішіне ноқат салып, онымен жиі жүр)

•Арқаң мен буының ауырса,ошағанның тұқымымен уқала.

•Буынға суық тиіп, тұз байланса, тамыр склерозына шалдықсаң, қарбызды же көзіңнен жас аққанша.

• Өкшеге тұз жиналғаннан қиналсаң, арша ағашы (можжевельник) тамырының араққа жасалған тұнбасынан, тамақ алдында 1 ас қасықтан пайдалан.

• Құймышақтан шыққан жүйке қабынып, ауырса (нерв седалищный болит)-кірпішті қыздырып, сонымен ұйықта.

• Егер аяғыңда шуаш болса – жалаң аяқ жүгір көгалда.

• Ревматизмде қара тұрыптың (черная редька) сөлін жағып, уқала.
• Тамырыңды емдеуге, жас сарымсақ же (германий бар құрамында) әркезде.
• Түскі тамақта жеген ірімшік-тісіңде болмайды тесік.

• Алмадағы пектин, жоғалады тез холестерин.
• Күйген жерді үгілген сәбізбге майсана (касторка) мен бүргеннің (облепиха) майын араластырып жап. Күйгенге бал да жарайды, аллергиясы болмаса.•Сары ауруды өлтіруге рауғаштың(ревень)сыйлайды тұнбасы

• Ауырмайсың безгекпен (малярия), үстіне жатсаң жусанның (полынь).
•Қансыз жазылады көтеу (геморрой)– сәбіздің жапырағын шай сияқты ішсең.

•Көктеректің жапырағы-көтеудің жауы.

• Күйген жерді жазады картоп мундирі.

Шыдатпаған қышымада, теріңді тұзды суда була.

•Ішің өтсе – жолжелкенді же.

• Кіші дәрет ұстамаса, аскөктің (укроп) тұқымың тұнбасын іш.

. Жаралар жазылмаса, арша (можжевельник) жемісінің майымен майла.

•Құяңға (радикулит) желкектің (хрен) жас жапырағын таң.

• Саңыраулыққа (глухота) қызыл жоңышқа гүлін тұндырып сағат сайын іш.

• Спиртке тұндырылған балауыз бен (прополис) бал, баспаны емдейтінін есіңе ал.

• Жөтелден, сүтке қосылған аққайыңның шырынын мөлшерсіз іше бер.

• Керасинге салынған тұз бен қыша (горчица), буын ауруын басады.
• Сынған жер жазылсын десең, жұмыртқа қабығын майдалап же.
• Арақтағы балауызға иіртамыр (аир) қосылса, тіс ауруын қойдырар.
•Іш қатқанда пайдалан, қырыққабат тұздығын (рассол)

• Аскөк пен сарымсақтың сөлін тері ауруында пайдалан!

•Өкшеге жағылған лимон іштегі ауруды қуады.
• Іште тас байланбау үшін қызыл қызылшаның шырынын пайдалан.
• Көктамырды алма сірке суын жаққан нығайтады.(варикозда)

•Қан аздықта қияр мен сәбіз шырынын іш.

• Ашқарынға пайдаланған сарымсақ-сөткеде микроб жүреді болып ақымақ.
• Қарбыздың құрғақ қабығының тұнбасы іштегі қабынғанды жояды.


Рабига Сыргабаева

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий