Нүкістегі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстан бас прокуратурасы 2 шілдеде Нүкістегі жаппай ереуіл бойынша «Өзбекстан Республикасы конституциялық құрылымын құлату немесе билікті күшпен басып алу мақсатында ұйымдасу» және басқа да баптар бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы 4 шілдеде Бас прокуратураның бөлім прокуроры Аброр Маматов журналистерге арналған брифингте мәлімдеді.

Тергеу мен шұғыл іздестіру шараларын Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық ұланның жауапты қызметкерлері жүргізіп жатыр. Мекемелер қызметін үйлестіру мақсатында арнайы штаб құрылды, деді Маматов.

Қарақалпақ астанасы Нүкіс қаласындағы наразылық 1 шілдеде басталды. Оған Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізу заң жобасында Қарақалпақстан егемендігі мен оның халқының жалпыұлттық референдум арқылы бөлініп шығу құқына қатысты ережелердің жойылуы себеп болды.

Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметінше, тәртіпсіздік кезінде кем дегенде 18 адам қаза болды. Бұған қоса, наразылықта 243 адам зардап шекті, 516 адам ұсталды.

Қарақалпақстанда 3 шілдеден бастап төтенше жағдай мен комендант сағаты жарияланды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий