Нәрестені терезеден шығарып қойып көлік айдаған жігіттің әрекеті жұртты шошытты (видео)

Нәрестені көліктің терезесінен шығарып қойып «ойнаған» жігіттің әрекеті жұрттың ашуын туғызды.

Бұл видео Instagram-дағы парақшалардың біріне жарияланды. Жүргізуші спорттық автокөліктің терезесінен сәбиді шығарып қойып, көлік жүргізген. Оның бала өміріне қауіп төндірген әрекетке неге барғаны белгісіз.

Анықталғандай, оқиға Ресейдің Краснояр өлкесінде болған.

«BMW көлігінің терезесінен нәрестені шығарып қойып, көлік жүргізген адамды полиция анықтады», — деп жазады Кранояр өлкесінің басылымы.

Желі қолданушылары болса баланың өміріне қауіп төндіретін мұндай жүргізушілерді қатаң жазалау керек деген пікірде.

 

Комментарий (0)
Добавить комментарий