Нағима Есқалиева жас кезінде бала туып алмағанына қатты өкініп жүр

Нағима Есқалиева. Кадр 31-арнадан алынды

Танымал әнші Нағима Есқалиева шығармашылықта биіктерге жету үшін бала туғысы келмеген кездерін есіне алып, өкінетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтты.

Екі рет күйеуде болған әнші өз мансабы үшін ана атану бақытынан бас тартқан.

«Мен бір нәрсеге өкінемін. Неге 2-3 бала тумадым деп өкінемін. Диас менің медициналық картамды көріп,  «мама, сен не жасағансың» деп айтады. «Менің бауырым немесе әпкем болар еді» дейді маған», — деп ағынан жарылды.

«Басқаларға сабақ болсын. Бала туыңдар, мансап жолында жүргендерге айтарым, бала маңызды ма әлде мансап маңызды ма, соны ойланыңыздар. Себебі, бала маңыздырақ екен. Мансап өзі-ақ келеді. Сондықтан, қыздар, бала туыңдар», — деді Нағима.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий