Наманганда қырғыз азаматын бес ай кепілде ұстаған екі күдікті ұсталды

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Өзбекстанның Наманган облысында қырғыз азаматын ұрлап әкетіп, кепілде ұстады деген күдікпен екі ер азамат қолға түсті. Күдіктілерді Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері ұстаған.

Мекеме мәліметінше, 28 ақпанда қырғыз арнайы қызметіне жергілікті бір әйел арызданып, оның бауырын Өзбекстан аумағында белгісіз біреулер кепілде ұстап отырғанын айтқан.

Мәліметтерге қарағанда, былтыр 23 қазанда Наманган облысының тұрғындары О.Т.Т. есімді азаматты Жалал-Абад облысы Ала-Букин ауданындағы «Баймақ» шекара бекетінен алдап Өзбекстанға өткізіп, сол жерде бес ай бойы ұстаған. Күдіктілер оның туыстарынан 50 мың доллар талап еткен, деп хабарлады ҰҚМК.

7 наурыздағы шұғыл іздестіру шарасы нәтижесінде кепілге түскен азамат Қырғызстанға жеткізіліп, туыстарына тапсырылды.

Өзбекстан арнайы қызметі енді ұсталғандарды қылмыстық жауапқа тарту ісімен айналысып жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий