Наманганда көне Құран ұрлағандар ұсталды (видео)

Өзбекстанның Наманган облысы Чартау ауданындағы «Сұлтан Уәйіс Карани» зиярат ету орнынан көне Құран кітап ұрлаған екі ер азамат ұсталды.

Күдіктілер 10 тамызға қараған түні қолға түсті, деп хабарлады Наманган облысының милициясы.

Мәліметтерге қарағанда, кітапты Чартак ауданында тұратын екі кісі ұрлағаны анықталған. Олар кітапты Наманган қаласындағы көп қабатты үйлердің біріне тығып қойған. Заттай айғақ ретінде алынған көне кітап бүлінбеген.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий