Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.
Іздестіру кезінде, келесі күні «Катта Наманган» каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.